Алматыда көлікке оқ атқан екі ер адам ұсталды

Фото: culture.ru

Алматыда көлікке оқ атқандардың күдіктісі ретінде екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға Ожет шағынауданында болған. Сәттердің бірі видеоға түсіп қалған.

«Алматы қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері екі ер адамды ұстады. Олардан атыс қаруы тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу жалғасып жатыр.