Алматы облысының Полиция департаменті жаяу жүргіншілерді жол ережелерін сақтауға шақырды.
Облыстық полиция мәліметінше, осы жылдың 11 айында жаяу жүргіншілер 806 жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Онда 1022 адам жарақат алып, 47 адам мерт болған.
— Басты ереже — жолды белгіленген жерден кесіп өту қажет. Бұл жол апатына тап болудың қаупін азайтады. Қараңғы түскенде жарық шағылыстыратын элементтерді қолдану қажет. Бұл көлік жүргізушілеріне жаяу жүргіншілерді байқауға мүмкіндік береді, — деп хабарлады департаменттен.
ПІКІР ЖАЗУ