Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбыр салдарынан тұрғын үйлерді су басты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Жаңбырдан кейін елді мекенде көлбеу ағыны пайда болып, 15 аула аумағы мен 3 тұрғын үй су астында қалды.
«Осы сағатта ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады. Сонымен қатар су басқан аумақтарда суды сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдайға мониторинг жалғасып жатыр», – делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Айта кетейік, жұмыстарға төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 бірлік техника жұмылдырылған.
ПІКІР ЖАЗУ