Алматы базарларында сатушыларға күш көрсетіп, ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Фото: видеодан скриншот

Алматы облысы мен Алматы қаласында орналасқан сауда базарларын «қорғауға» аламыз деп, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтың мәлім етті.

27 мамырда Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Алматы қаласы мен өңірдің сауда базарларында «қорғауға» аламыз деп кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты бопсалайтын қылмыстық топ туралы ақпарат түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «маргиналды жастардың» қолынан зардап шеккен Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны анықталды. Жәбірленуші 13 мамырда Қарасай ауданында белгісіз адамдар күш қолданып, одан 3,5 миллион теңгені иемденгенін хабарлады.

25 шілдеде ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп прокуратураның үйлестіруімен 31-36 жас аралығындағы ер адамдарды анықтап ұстады, — деп жазды облыстық ПД бастығы өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Қазір тергеу жүріп жатыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...