«Алла сақтасын! Ондай болмайды да, болмаған да». Бас мүфти имамдардан ақша жинау дауына пікір білдірді

muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, жоғарғы мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына сапары кезінде жергілікті имамдардан ақша жинау ұйымдастырылғаны туралы сыбыстарға түсінік берді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Мүфти мұндай айыптауларды жоққа шығарып, оларға қаражат жинауға ешқандай нұсқау берілмегенін атап өткен.

«Ол мәселе бойынша қазір жұмыс жүріп жатыр. Арнайы комиссия барып, тексереді. Кейін соның қорытындысын жариялап айтамыз. Ол жөнінде Түркістан облысының бас имамы ақпарат беттерінде өзінің жауабын айтты. Дегенмен, біз мүфтияттан арнайы комиссия жіберіп, ол ақпараттың ақ қарасын анықтаймыз», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысынан кейін.

«Алла сақтасын! Ондай болмайды да, болмаған да», — деді ҚМДБ төрағасы.

Ақпарат qazaq.today сайтынан алынған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…