«Алатау жарық компаниясы» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы, Алматы облыстық мәслихатының депутаты, директорлар кеңесінің мүшесі Мұхит Үмбетов жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы “ozgeris.info” порталы хабарлайды.
Қайғылы оқиға 2022 жылы 19 наурызда болған. Мұхит Үмбетов 62 жаста еді.
Ол 1960 жылы 1 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Мұхит Әбікеұлы өмірінің барлығын электр энергетикасына арнаған. №3 монтаждау басқармасының электр монтаждаушысы қызметінен (1984 жыл) бастап, Қазақстанның ірі электр желілік компанияларының бірі — «АЖК» АҚ-ның бірінші басшысы болып 10 жылдан аса уақыт жұмыс істеді.
Мұхит Әбікеұлы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі (2008 жыл), ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі (2010 жыл); мінсіз әрі адал еңбегі үшін 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Құрмет» және 2017 жылы «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен наградталған.
”ozgeris.info” порталы
ПІКІР ЖАЗУ