Apple Inc компаниясының бұрынғы қызметкері. Дирендра Прасад компаниядан 10 миллион доллардан астам ақшаны, жабдықты ұрлау және ақшаны жылыстату арқылы жымқырды деп айыпталған. Бұл туралы федералды прокурорларға сілтеме жасап MarketWatch хабарлайды, деп жазады “ozgeris.info” порталы.
Оған салық төлеуден жалтарған деген айып тағылып отыр. Прасад Apple-де 10 жыл бойы компанияның жаһандық жеткізу тізбегі бөлімінде сатып алушы ретінде жұмыс істеді.
Айыптау тарапы Прасад өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, Apple-ді бірнеше алаяқтық схемалар арқылы алдады. Соның ішінде бөлшектерді ұрлады, компанияны жоқ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге мәжбүрледі деп айыптайды.
Сот АҚШ федералды билігіне Прасадтың бес мүлкін тәркілеуге, сондай-ақ оның жалпы сомасы 5 миллион долларға жуық банктік шоттарын бұғаттауға тапсырма берді. Болжам бойынша, бұл қаражат қылмыстық жолмен алынған.
Прасад айыпталған қылмыстар 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
”ozgeris.info” порталы
ПІКІР ЖАЗУ