Ақын әрі журналист Серік Боқан қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.
“Кешір, Секе!..Ақын досымыз Серік Боқан қаза болыпты. Мына өмірде ешбір ереже мен тиымға бағынуға БОЛМЫСЫ сай келмейтін жандар болады. Секең, Серік Боқан сондай жан еді. Ол бұл өмірдің қулық-сұмдығын үйрене алмай-ақ кетті. Басын тауға да, тасқа да ұрды. Ақыры, діннен марқадам тапты… бәлкім, таппады. Өзін көп іздеді. Өзін сыйлайтын ортаны көп іздеді. Жолы болмады. Үнемі тығырыққа тіреле берді. Өзі де менің алдымнан бір кетпелтек томар кетпейді деуші еді. Шынымен, тап-таза еді. Тез жараланғыш еді. Онысын білдірмейтін. Өзін дәлелдегісі келетін. Дәлелдей алмады. Мына қоғамда ондай бөлек мінез, өзге жаратылыс иесіне орын жоқ еді. Өзі де төгіліп: «Баяғы сол жылдар недеген ізгі едің?!» дегеніндей, ол тек Балалық Шағында ғана бақытты болған шығар. Жазда Алматыда әлдебір базардан кезігіп қап, телефон алмасып, хабарласып тұрып едік. Өлеңдерін сұрағам. Осы әлеуметтік желіде саған іздеу салайын дегем. Келіскен. Өлеңдерін жіберген. Әңгімелесейікші, тек әдебиет туралы деген. Менің бір өлеңімді қатты сүйіп оқығанын айтқан. Амал не, сол өлеңдері уатсаптың қуысында қалыпты. Көп өлеңі жоғалған шығар. Әй, сақтамады-ау… Қазірше бір өлеңін жариялап қояйын. Рухың шат болсын, досым!” – деп жазды ол.
Айта кетейік, Ол «Жас қазақ үні» газетінде, «Үн» журналында қызмет атқарған. Біраз жыл бойы «Асыл арна» телеарнасында журналист болып еңбек еткен.
ПІКІР ЖАЗУ