«Ақымды төледім»: Сенімнен шықты деген Жанар Өтешова елді ойландырып қойды

Фото: ҰОК

Жанар Өтешова Ұлттық олимпиада комитетіндегі қызметінен ресми түрде кетті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Бүгін мен үшін ҰОК тарауы жабылды. 13 қыркүйекте мен ресми түрде бас хатшы лауазымынан өз еркіммен кеттім. Бірден айта кетейін, БАҚ беттерінде осыған дейін өзім құрған дереккөзге сүйене отыра сенсация ретінде таратқан «қызметінен босатылды» деген жаңалықтары шындыққа жанаспайтын еді. Заңгерлер маған өз атымды қорғауым үшін сотқа жүгінуге кеңес берген болатын. Алайда менің атым, ниетім мен ар-намысым таза және қорғауды талап етпейтініне сенімді болғандықтан мұндай ұсыныстан бас тарттым. Мен өз қалауыммен кеттім. Өз шарттарым бойынша, өтемақысыз, үнсіз қалу міндеттемесінсіз және ертең жалған жымиюды талап етпейтін жағдайда бір бөлімнің есігін жаптым. Жер домалақ. Алдымызда бізді қаншама дүние күтіп тұр», — деп жазды ол.

Оның айтуынша тамыздан бері оған бірнеше ұсыныс түскен. Соның ішінде басқа елдерден де келген ұсыныстар бар. Бірақ ол Қазақстаннан артық ешбірі жақын бола алмайтынын айтқан. Алайда, әлі нақты ұйғарым жасамаған.

«Болып жатқан дүниенің барлығы жақсылыққа жетелейтініне сенемін. Мұны маған туған-туыстарым мен достарым да айтып жүр. Достар қатарына соңғы жылдары спорттан көптеп қосылғандары тағы бар. Осы жазбамды сүйікті спортшыларыма арнаған тілегіммен аяқтағым келеді: Сіздер медальдар үшін талай рет күрестіңіздер, оған дейін басқа «шайқастарда да» жеңіп шықтыңыздар. Сіздердің бұдан әрі де жетістіктерге жете беретініңізге, жеңісті жолдарыңыздың жалғасын табатынына сенімдімін. Мен әрдайым сіздердің жанкүйерлеріңіз болып қала беремін, сіздермен мақтана беремін. Өйткені жеңістің құны қандай екенін білемін. Өткен оқиға менің жеңісім деп санаймын. Ол үшін ақымды төледім», — деп жазды Ж. Өтешова.

Еске салсақ,  биылғы тамыз айында Жанар Өтешованың Геннадий Головкиннің шешіміне қатысты мәлімдеме жасағаны туралы жазған едік.