Ақтөбе облысында қатты боран болып, бақташы адасып кетті

Ақтөбе облысында ер адам мал жаю үшін, бүгін, 6 қарашада таңертең кетіп, сол күйі үйіне оралмаған. Оның боран кезінде адасып қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды ozgeris.info.

«2024 жылы 6 қарашда Ақтөбе облысының 112 қызметіне 1961 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ол таңертең мал жаюға шығып, ауа райының нашарлауына байланысты елдімекенге өз бетінше жете алмаған», делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Қарлы боран кезінде жол жүрісі бағдарын жоғалтқан ер адамды Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының маңында ТЖМ күштері тауып алып, елдімекенге дейін ертіп барғаны, оның медициналық көмекке мұқтаж болмағаны да нақтыланады.