«Әкем қайтқан күні сүйінші хабар естідім»: Ернар Айдар қайғыра алмай есеңгірегенін айтты (ФОТО)

Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Ернар Айдар жеке өміріне қатысты жаңалықты айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Өнер иесінің желтоқсан айында әкесі дүниеден озған еді. Сөзінше, сол күні келіншегі босанып, ұлды болған.

“Пенде болғасын арманымыз бен әттеген-айымыз қатар жүретіні белгілі. Тас түскен жеріне ауыр демекші, әкемнің қазасы өте ауыр тиді. Әкемнің жаназасы болатын күні таңда ұлым дүние есігін ашты. Біз әкемізді түсте ақтық сапарға шығарып салдық. Сөйтіп әкем Айдарұлы Жаңабайдың немересі, Ернарұлы Жаңабек дүниеге келді. Қайғыдан құлазып жүрген мен, не қайғырарымды не қуанарымды білмей есеңгіредім. “Өлгеннің артынан өлмек жоқ”, “Қайғы мен қуаныш қатар жүреді” деген сөздердің мағынасын осы кезде тереңдей түсіндім”, – деп жазды әнші.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 𝔼ℝℕ𝔸ℝ 𝔸𝕀𝔻𝔸ℝ 🇰🇿 (@ernaraidar_kz)