Бұл туралы актрисаның Instagram-дағы парақшасында 2024 жылдың 11 қыркүйегінде жариялаған видеодан белгілі болды. Видеодан 33 жастағы актрисаның қалыңдықтың ақ көйлегінде жүргенін көруге болады. Ол жұбайының кім екенін ашып айтпаған.
Айта кетсек, бұған дейін актриса мешітте түсірілген видеомен бөліскен еді. Видео астында қарша бораған сұрақтардың біріне актриса: «Неке қию сәті» деп жауап берген.
Жалпы, Альмира Тұрсын өзінің жеке өмірі туралы мәліметтерді ашып айта бермейді. Белгілісі, 2021 жылдың қазан айында ол күйеуімен ажырасқан. Бір ұлы бар. Кейін актрисаның «Томирис» тарихи фильмін түсірген отандық режиссер Ақан Сатаевпен көңіл жарастырғаны туралы алып-қашпа сөз тараған.
Альмира Тұрсын Mrs globe халықаралық сұлулық байқауында екінші орын алған.
View this post on Instagram
ПІКІР ЖАЗУ