Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлы Адам Қадыров жаңа лауазымға ие болды — ол республиканың Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ozgeris.info тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Шешенстан Қауіпсіздік кеңесінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Адам Қадыров бұл қызметті 2025 жылдың сәуірінен бастап атқарып келеді. Алайда бұл туралы ресми түрде хабарланбаған.
Адам Қадыровтың бұл қызметтегі алғашқы ресми әрекеттері 21 сәуірде жарияланды. Онда оның тапсырмасымен орынбасарлары Аслан Жулагов пен Саламбек Абдрашитов Ресей ТЖМ-нің Шешенстан бойынша бөлімшесінің басшылығымен кездесу өткізгені айтылған.
Бұған дейін Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін Рамзан Қадыровтың жиені Хамзат Қадыров атқарған болатын.
Айта кетсек, соңғы екі жылда Адам Қадыров үш жоғары лауазымға ие болды. 2025 жылдың сәуір айында ол Шешенстан ІІМ-нің кураторы болып тағайындалды. Осыдан кейін ол ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысын ауыстырып, кейбір қызметкерлерді марапаттады.
2023 жылдың қарашасында, небәрі 15 жасында, ол әкесінің қауіпсіздік қызметінің жетекшісі болып тағайындалды. Осы жетістігімен ол Ресей рекордтар кітабына «өңір басшысының ең жас қауіпсіздік басшысы» ретінде енді.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру