Қазіргі Астана бұрынғы Целиноградта 1957 жылы алғашқы Жоғарғы оқу орыны болып құрылған Целиноград ауылшаруашылығы институты бүгінде қанатын кеңге жайып, елімізге қала берді әлемнің кейбір озық білім ордаларымен терезесін теңестіріп отыр. Қазіргі таңда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті деген мәртебе беріліп, білім мен ғылымды жан-жақты қарышты дамытуға құлшынған.
Әрине білім ордасы болғандықтан Сейфуллин университетінің студегнттерінің де қатары жыл санап толығып, білім ғана емес өнердің де шыңынан көрініп келе жатқаны шындық.
Айтпағымыз дәл осы университеттегі шығармашыл жастардың төңірегі болмақ. 65 жылдық тарихы бар білім ордасының жастары әлемнің түкпір-түкпірінде өнер көрсеткен. Тіпті кешегі өткен 10 жылдықта, қатарында Тұрсынбек Қабатовтар боған «Аграрка сарбаздары» деген атпен танымал КВН командасының да тек университет қана емес күллі республикмыздың өнерін өрге сүйреп, артынан мыңдаған шәкірт ерткені шындық. Ал сол Тұрсынбектер тоқайласып күнде КВН-ге дайындалатын университеттегі Шығармашыл жастар орталығы бүгінгі күнге дейін өз жұмысын бір сәтке де тоқтатқан емес. Қазіргі таңда орталықтың директоры болып қызмет атқарып жүрген елімізге белгілі өнер қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекболат Байсағатов.
Жастарды жинап оларға қолдау көрсету біздің міндетіміз. Ертең осы жастардың арасынан халық әртісі де өнер қайраткері де шығады. Сондықтан өнерлі жастардың шығармашылығын дамытуға барынша мүмкіндік жасап отыруымыз керек,-дейді Бекболат Байсағатов.
Осы Шығармашыл жастар орталығында «Шабыт» ұлт аспаптар оркесторы, «Шаттық» би тобы, вокал, және «Ақжелкен» студент жастар театры жұмыс атқарады. Күні кеше ғана осы «Ақжелкен» студент жастар театрының ұжымы Семей қаласында Ш.Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай өткізілген «Адамдық борышың…» атты жоғарғы оқу орындары арасындағы республикалық студенттік театрлар фестивалінде жүлделі 3 орынды иеленіп келді. Мұнда олар Осетин драматургі Георгий Хугаевтің «Қара шекпен» қойылымын нақышына келтірген. Туындыны қазақ тіліне аударған Құжырғали Төлеуішов. Режиссоры Думан Омаров.
Семейде өткен жоғарғы оқу орындары арасындағы республикалық студенттік театрлар фестивалінде жан-жақтан келген ұжымдардың дені гуманитарлық тіпті театр саласы бойынша мамандар даярлайтын оқу орындары болды. Техникалық саладағы ЖОО-ны ретінде барған біздің ұжым ғана. Біздің студенттердің шеберлігіне қарап ондағы әділқазылар алқасы өздерінің таңданысын жасыра алмады. Тіпті басты рольде ойнаған Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің 4 курс студенті (Көкжал қасқыр ролін сомдаған) Ермек Джапаровты театр әртісі. Жас әртісті алып келгенсіңдер деп сенбегені рас. Сол жерде Ермек Джапаровтың студент екенін дәлелдеуге тура келді. Соған қарағанда «Ақжелкен» осал ұжым емес,- дейді театрдың Режиссоры Думан Омаров.
Жастарымызға қолдау көрсетіп, олардың шығармашылығының шыңдалуына осындай мүмкіндіктерді жасап отырған университетіміздің Басқарма Төрағасы-Ректор Қанат Маратұлы Тіреуов. Ол кісіге ұжым атынан алғысымыз шексіз. Себебі жастарды қолдау керектігін ректорымыз жақсы түсінеді. Сол себепті де Семейде өткен жоғарғы оқу орындары арасындағы республикалық студенттік театрлар фестиваліне арнайы жолдама беріп жастарымызды шабыттандырды,- дейді Студенттік ісі жөніндегі проректор Жәйнагүл Құсайынова.
«Ақжелкен» студент жастар театры кеше Семей қаласында Ш.Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай өткізілген фестивалінде жүлделі 3 орынды иеленген Осетин драматургінің «Қара шекпен» қойылымын университет ұжымы мен жастары алдында қайта қойды. Жан-жануарлар әлемінің кәдімгі тіршілігін бейнелей отырып адамзат баласының бұл өмірдегі орынын нақты аша түскен Георгий Хугаевтің философиялық терең дүниесін жастарымыз көрерменнің көз алдына алып шықты. Аянышты тағдырлар мен сұмдық айлакерліктің түпсіздігін, әділдік пен аңғалдықтың, пәктіктің адам өмірімен қатар жүріп отыратындығын баян еткен қойылымның берген әсері де ерекше болды. Қойылымды көруге келген көрерменнің көңілі босап тіпті көздеріне жас ірккендері болды. Бұның барлығы жас өнерпаздардың асқан шеберлігі деп білеміз.
Алдағы уақытта «Қара шекпеннен» бөлек тағы да бірнеше қойылымның дайындалып жатқандығы белгілі болды. Жастардың шығармашылығына шабыт тілейміз.
Бердібек Хабай
ПІКІР ЖАЗУ