Қазір еліміздің тергеу изоляторларында қаңтар оқиғасына қатысы бар 728 адам отыр. Олар ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынған. Бұл туралы бүгін Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info 24.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, тағы 270 адам үй қамақта немесе қаладан кетпеу туралы қолхат жазған. Уақытша ұстау орындарында тәртіпті қадағалау күшейтілген.
Жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдары қоғамдық комиссиялармен тығыз байланыста. Мәселен, осы күнге дейін ұйым мүшелері 13 изоляторға 60 рет барған. Ел депутатттары да, осы орындарға барып, ахуалды өз көзімен көрді.
Қамауға алынғандардың денсаулығы дәрігерлердің жіті назарында. Сондықтан қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілдері күдіктілерді азаптау туралы жалған ақпарат тараптауды ескертті.
ПІКІР ЖАЗУ