ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Qasqa Jol ютуб арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо порталы.
Ерлан Карин елімізде қайғылы оқиға басталған уақыт 5-6 қаңтар күндері Қазақстандағы радикалды топ мүшелеріне видеоүндеу жасалғанын айтты.
5-6 қаңтар күндері елдегі радикалды жақтаушыларға видеоүндеу жасалды. Видео кейін шығатын шығар, интернеттің бұғаттылуына сол себеп болды. Бұл өте қауіпті жағдай. Егер қолдау тауып кетсе болған жағдайлар қандай бағытта өрбитінін айту қиын. Үндеу қауіпті болды. 2016 жылы маусым айында Ақтөбеде террористік акт болған. Шағын бір топ бүкіл қаланы дүрбелеңге салды. Қару-жарақ дүкеніне кіріп, бейбіт нысандар мен әскери бөлімдерге шабуыл жасады. Үш-төрт күн бойы антитеррористік операциялар жүргізілді. Бұл акцияға шамамен 25 адам қатысқан, – деді Қарин.
Олар туған күнге жиналған. Ішіндегі бір адамда ғана осындай ой болған. Сол оқиғалардан жарты жыл бұрын Сирияға кете алмай қалған. Шабуыл жоспарын қалғандар білмеген. Сол кезде ол Whatsapp желісінен келген аудионы тыңдатқан. Тыңдағандар соған еріп кеткен. Пәтерді де қару-жарақ дүкеніне жақын жерден жалдап алған. Бір ғана аудиоүндеуді тыңдап алып, жиһад ұйымдастырмақ болған. Осындай видеоүндеулер тарап кеткенде не болар еді? Сценарийлері де ұқсас болды, кәдімгі соғысқа шақырды, – деді Ерлан Қарин.
ПІКІР ЖАЗУ