Халықаралық Жастар күнін мерекелеу аясында Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы бірқатар іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо. Іс-шараға Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Алин Алмас, сондай-ақ қаланың белсенді және талантты жастары қатысты.
Шараның мақсаты жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, жастарды мәдени құндылықтарға тарту, жастардың азаматтық және патриоттық сана-сезімін ынталандыру, ұлттық ойындарды насихаттау және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Мереке күні түрлі конкурстар, «STREET WORKOUT» бойынша диманстрациялық қойылымдар, көрермендермен викториналар, сонымен қатар, «Тоғызқұмалақ», «Асық ату» және «Арқан тартыс» сияқты ұлттық ойындар бойынша турнирлер өткізілді. Әрі қарай, жастар мен қала тұрғындары үшін қызықты OPEN AIR өткізілді. Сондай-ақ, облыс әкімі атынан алғыс хаттарымен ерекше көзге түскен белсенді жастарды марапаттау рәсімі өтті.
«Бүгін, ауа-райына қарамастан, бізбен бірге жастар күнін атап өту үшін 300-ден астам қала тұрғындары адам жиналды. Кеш аясында «Музей» тобы, Дәулетхан Әйгерім, «Іңкәрім» шоу балеті, Жұмаш Берікбол және Айдынбек Әліби дуэті, DJ Куба және басқа да талантты жастар қатысып, біздің кешімізді жандандырды. Аталған іс — шараға қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз», — деді облыстық ЖРО басшысы Дастан Ермеков.
Көрермендер тек бақылап қана қоймай, сондай-ақ белсенді қатысып, атмосфераны одан әрі жандандырып, ұйымдастырушыларға осындай керемет кеш өткізгені үшін алғыс білдірді.
ПІКІР ЖАЗУ