«Кеше тұрмыс құрды деп қуанып едік»: Алматы облысында 6-қабаттан құлаған қызға қатысты тың дерек шықты

Алматы облысындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде 9 наурыз күні қайғылы оқиға болды. 20 жастағы Ажар есімді бойжеткен 6-қабаттан құлап, көз жұмды. Марқұмның артында бір жасар сәбиі қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ажар екі жыл бұрын сыныптасына тұрмысқа шыққан. Алайда көп ұзамай әпкесіне күйеуінің үнемі зорлық-зомбылық көрсететінін, тұншықтыратынын және есірткі қолданатынын айтып шағымданған.

Анасының айтуынша, күйеу баласы анасымен бірге ішімдікке әуес болған. Қайғылы оқиға болған күні үйде Ажардың күйеуі мен енесі де болған. Күйеуі оның өз еркімен секіргенін айтқанымен, марқұмның туыстары мен достары бұған күмәнмен қарайды.

Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.

Жас келіншектің артында сәбиі қалды. Желіде оның құрбысының жантүршігерлік видеосы тарады.

«Құрбыңның өз бақытын тауып, тұрмыс құрғанына қуанасын, ал екі жылдан кейін оның қазасында баласын құшақтап қаласын», – деп жазады ол.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит