Бұдан былай Президенттің жақын туыстары басшы бола алмайды. Бұл туралы Қанат Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Атап айтсақ, Мемлекет басшысының туыстары Премьер-министр, Сенат, Мәжіліс төрағасы, министр, облыс, аудан, тіпті ауыл әкімі қызметтеріне тағайындала алмайды. Сондай-ақ Квазисекторлық қызметте де басшылық жасай алмайды.
Бұл санатқа ата-ана, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілі мен апалы-сіңлілі, атасы, әжесі және немерелері жатады.
Айта кетейік, тиісті заң жобалары тамыз айына дейін дайындалмақ.
ПІКІР ЖАЗУ