Қостанайдағы тергеу изоляторында адвокаттардан шалбар шешуді талап етілді

фото: Telegram/kaz_advokat_talgat_yessimov

Қостанай қаласындағы №76 тергеу изоляторында адвокаттардың құқықтары өрескел бұзылуда. Бұл туралы адвокат Талғат Есімов өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

“Адвокаттардың құқықтарын былай қойғанда, адамдық қадір-қасиет те тапталуда. Қорғауындағы азаматқа кіру үшін адвокаттардан шалбарын шешу талап етілуде. Мұндай масқара жағдай елдің басқа ешбір изоляторында жоқ”, – деп жазды ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, адвокаттардан механикалық сағаттарын шешуді де талап етуде.

“ҚАЖК мен Республикалық адвокаттар алқасы арасында адвокаттардың механикалық сағаттарды пайдалануға құқығы бар екені туралы меморандум бар. Бірақ шалбар шешу – Қостанай ҚАЖД қызметкерлерінің заңсыздығының жаңа деңгейі”, – дейді Есімов.

Оның пікірінше, бұл талап адвокаттарды қамауда отырғандармен теңестіруге бағытталған.

“Ішкі істер министрлігі мен ҚАЖК-нің бұл жағдайға әділ баға беруін күтеміз!” – деп жазды адвокат.

Бұл жағдайға адвокат Виктор Викторович Кривоносов тап болған. Құқық қорғаушылар бұл оқиғаға қатысты құзырлы органдардың ресми реакциясын күтуде.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!