Наурыз айынан бастап Тарбағатай, Зайсан, Күршім және Самар аудандарында жаңа жұмыс кестесі енгізілді, деп хабарлайды YK-news.kz.
Енді бұл аудандарда жұмыс күні 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады.
Жаңа кестеге көшу туралы шешім жиналыстарда қабылданып, халық бастаманы қолдады.
Мектептер, балабақшалар мен медицина мекемелеріне бұл өзгерістер әсер етпеді, себебі олар бұрыннан осы тәртіппен жұмыс істеп келген.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру