ШҚО-ның тағы бірнеше ауданы «өз уақыттарымен» өмір сүре бастады

Коллаж Ulysmedia

Наурыз айынан бастап Тарбағатай, Зайсан, Күршім және Самар аудандарында жаңа жұмыс кестесі енгізілді, деп хабарлайды YK-news.kz.

Енді бұл аудандарда жұмыс күні 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады.

Жаңа кестеге көшу туралы шешім жиналыстарда қабылданып, халық бастаманы қолдады.

Мектептер, балабақшалар мен медицина мекемелеріне бұл өзгерістер әсер етпеді, себебі олар бұрыннан осы тәртіппен жұмыс істеп келген.