Дональд Трамп Конгрессте сөз сөйледі

Ол сөзін 43 күн ішінде басқа әкімшіліктер төрт не сегіз жылда жасай алмаған жетістіктерге жеткенін айтудан бастады.

Дональд Трамп не айтты:

  • Зеленскийден мүмкіндігінше тезірек бейбіт келіссөздерге отыруға дайын екені туралы хат алғанын мәлімдеді
  • АҚШ-тың Украинаға миллиардтаған доллар жібергенін, бірақ ешқандай кепілдік жоқ екенін айтты: «Бұл тағы бес жыл жалғаса беруін қалайсыз ба?»
  • Мемлекеттік цензураны жойып, Америкаға сөз бостандығын қайтарғанын айтты
  • Импорттық тауарларға тарифтерді арттыруға ниетті екенін және Қытай, Үндістан мен Еуроодақ АҚШ-тың жауаптық баждарына дайын болуы керектігін мәлімдеді
  • Осы аптада АҚШ «тарихи шешім» қабылдап, елдегі металл минералдарын өндіруді едәуір арттыратынын айтты
  • АҚШ азаматтығын алғысы келетін инвесторларға арналған $5 млн тұратын «алтын картаның» жақында шығатынын жариялады
  • Джо Байден президенттігі кезінде жасалған қажетсіз шығындарды атады: Мозамбикте «ерікті медициналық ерлер сүндеттелуіне» $10 млн, Малидағы «әлеуметтік бірлікке» $14 млн және т.б.
  • Полиция қызметкерлерін өлтіруге кінәлілерге өлім жазасын тағайындау туралы жарлыққа қол қоятынын айтты
  • АҚШ Панама каналына бақылауды қайтара бастағанын және Гренландияны «қалай болса да» алатынын мәлімдеді
  • Канада мен Мексика АҚШ-қа фентанил мен басқа да есірткі заттарын жеткізуді тоқтату үшін қосымша шаралар қабылдауы керек екенін айтты
  • АҚШ-тың Марсқа туын тігетінін уәде етті

Жарты сағаттық сөзін Трамп елдің бұрын-соңды болмаған өрлеу алдында тұрғанын мәлімдеумен аяқтады.

Сөз барысында кейбір республикашылдар үнемі қол соғып отырды, ал демократтар отырған бөліктің кейбір мүшелері «Өтірік» деген жазуы бар плакаттар ұстап отырды. Кейбіреулер наразылық ұрандарын айқайлады. Өкілдер палатасының спикері айғай-шу бастағандардың бірі – демократ конгрессмен Эл Гринді залдан шығаруға бұйрық берді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Раскрыт способ в 55 лет выглядеть на 25! Морщины уйдут если...