Шетелдік БАҚ Асу Алмабаевтың жеңіліске ұшырау себебін айтты

Фото: видеодан скрин
Танымал спорттық басылым — MMA Junkie қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың тұңғыш жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Айта кетсек, кеше Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 253 турнирінде анголалық Манел Капе (21-7) қазақстандық файтер Асу Алмабаевты (21-3) жеңіп кетті.

«Манел Капе төреші Майк Бельтранның көзді шұқып алу тәсілін елеусіз қалдырғаннан кейін Асу Алмабаевты нокаутқа жіберді», деп Sports.kz MMA Junkie басылымының жазғанын келтіреді.

Салдарынан Алмабаев UFC-дегі алғашқы жеңілісіне тап болды, бұған дейін ол 4-0 промоушнында «таза» рекордқа ие болып келген.

Капеге келетін болсақ, анголалық файтер лигадағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, статистикасын 6-3-ке дейін жақсартты.

Айта кетсек, жекпе-жек алдында Капе UFC рейтингінде ең жеңіл салмақта алтыншы, ал Алмабаев сегізінші орында тұрған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит