Қорғаныс министрлігі Ұлы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізудің жоспарда жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
«2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ. Сонымен қатар, әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған. Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі шаралар да бар. Қорғаныс министрлігімен еліміздің барлық өңірінде өткізілетін 50-ге жуық түрлі шара жоспарланған» ,– делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ