Көне Тараз жасанды интеллекттің көмегімен қайта жанданды.
Жоба авторлары XIII ғасырдағы тарихи ортаның сол кездегі келбетін қалпына келтіруді мақсат еткен.
«Біз Қазақстанның ең ежелгі қаласы – Таразды XIII ғасырдағы күйінде көргіміз келді. Бұл жай ғана жасанды интеллект арқылы визуализация емес, ол сол дәуірдің тарихын, сәулет өнерін және мәдениетін терең зерттеудің нәтижесі. Әрбір бөлшек – саздан салынған үйлерден, асыл шығыс күмбездерінен бастап, берік қамал қабырғаларына дейін – нақты тарихи деректерге негізделген. Міне, солай көрінген Ұлы Жібек жолының ұлы қаласы, сауда, ғылым және қолөнердің орталығы», — деп пікір білдірді жоба авторы.
Тараз Ұлы Жібек жолы өтетін маңызды қалалардың бірі болған. Сонымен қатар сауда және мәдени байланыстар тоғысқан орынға айналған. Енді заманауи технологиялардың арқасында біз оны жүздеген жылдар бұрынғы бейнесінде көре аламыз.
Жоба авторлары Отырардың тарихи келбетін де көрсетті. 14 ғасырдағы көне қала жасанды интеллектінің арқасында мәдениетін, өмір сүру салтын, архитектурасын, киім-кешегіне дейін сақталып көрермендерге ұсынылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ