Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды

фото: ШҚО әкімдігі

Бұған дейін ол облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

54 жастағы Нұрымбет Аманұлы шығыста бірнеше жыл түрлі қызметтерде жұмыс істеді – Жарма ауданының әкімдігінен бастап, ШҚО әкімінің бірінші орынбасарына дейін.

Өмірбаяны:

  • 1970 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.
  • Білімі: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университеті, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ.

Еңбек жолы:

    • 1992 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы №172 мектептің мұғалімі болып жұмыс істеген.
    • 2012-2021 жылдары ШҚО әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Ұлан ауданының және Семей қаласының әкімі болды.
    • 2022 жылдың маусымынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
    • 2023 жылдың қыркүйегінде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.