Қазақстанда ұшақтардың құстармен соқтығысуы 30%-ға өсті

Фото: ufa.ru

Қазақстандық авиатасымалдаушы Air Astana 2024 жылы Қазақстанда ұшақтардың құстармен соқтығысу жағдайларының айтарлықтай өскенін мәлімдеді. Бұл туралы Ресейлік БАҚ жазды.

«Елдегі мұндай оқиғалардың (ұшақтардың құстармен соқтығысуы ) деңгейі IATA деректері бойынша әлемдік көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. 2024 жылы компаниялар тобының 10 мың рейске шаққандағы соқтығысу көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 30%-ға өсіп, 203 жағдайды құрады», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, 2025 жылғы 26 қаңтарда болған оқиға. FlyArystan әуе компаниясының FS 7366 рейсі (Орал – Астана) ұшып көтерілу кезінде құстар тобына соқтығысқан. Жүйелер мен қозғалтқыштардың жұмысында ақаулар байқалмағандықтан, ұшақ рейсті жалғастырып, Астана әуежайына штаттық режимде қонған.

Әуе кемесін тексеру кезінде көптеген зақым анықталды, оның ішінде сол жақ қозғалтқыштағы компрессор қалақтары мен фюзеляж бөліктерінің бүлінуі, сондай-ақ қозғалтқыш ішінде құстардың қалдықтары табылды. Құстардың түрін анықтау үшін олардың қалдықтары ДНҚ сараптамасына жіберіледі. Бұл шара Орал әуежайында осындай оқиғалардың алдын алу үшін жүргізілмек.

«Air Astana әуежайларды тәуекелдерді тиімді төмендету үшін қоршаған ортаны бақылау мен басқаруды қамтитын белсенді шараларды енгізуге шақырады», – делінген хабарламада.

Air Astana – Қазақстандағы ең ірі авиатасымалдаушы. Оның 100% еншілес компаниясы – FlyArystan лоукостері. Компания акционерлері қатарында «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры (41%), британдық BAE Systems (16,95%) және БЖЗҚ (6,51%) бар. Ал 23,6% акцияның номиналды ұстаушысы – CITIBANK, N.A.-NY. көрсетілген.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец