Елімізде тағы бір автожол учаскесі ақылы болмақ

Көлік министрі 2025 жылғы 9 қаңтардағы «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қызылорда – Арал учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрыққа қол қойды.

Белгілі болғандай, II санаттағы Ресей Федерациясы шекарасы (Самара) – Шымкент республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының Қызылорда – Арал 1806+000 – 1351+150 километр учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.

Бұл ретте, келесі баламалы жолдар арқылы жүруге болады:

  • «Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясы шекарасы» республикалық маңызы бар автожолының «Қызылорда – Жезқазған» учаскесі,
  • «Жезқазған – Петропавловск» республикалық маңызы бар автожолының «Жезқазған – Арқалық» учаскесі,
  • «Арқалық – Торғай» облыстық маңызы бар автожолы, «Торғай – Шеген – Ақшығанақ – Дүкен – Ырғыз» аудандық маңызы бар автожолы,
  • «Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға) – Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының «Ырғыз – Арал» учаскесі;
  • Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –1806+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті –1351+150 км;
  • Автомобиль жолындағы қозғалыс жолағының саны – екі бағытта – бір жолақ;
  • Ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 454 км 850 метр;

Сондай-ақ, жолдың ақылы учаскесі бойынша жол жүру ставкалары бекітілді.

Сонымен, ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері:

  • 16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 т дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі — 0,8478 АЕК (кейінгі төлем), 0,7205 АЕК (алдын ала төлем),
  • 32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 т дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі — 1,7145 АЕК (кейінгі төлем), 1,4572 АЕК (алдын ала төлем),
  • 32 орын нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 т дей­ін ав­то­по­ез­дар — 2,5623 АЕК (кейінгі төлем), 2,1777 АЕК (алдын ала төлем).
  • Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 т жо­ға­ры 15 т дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі — 3,4290 АЕК (кейінгі төлем), 2,9144 АЕК (алдын ала төлем),
  • Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 т жо­ға­ры жүк ав­то­мо­биль­де­рі, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар ер­шік­ті тарт­қы­штар — 4,2768 АЕК (кейінгі төлем), 3,6349 АЕК (алдын ала төлем).

2025 жылы 1 АЕК 3 932 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, айлық және жылдық жол жүру ақысы қарастырылған.

Бұйрық 2025 жылдың 26 қаңтарынан бастап енгізіледі.