«Әкем Розаға қатты ғашық болды»: Әлемге танымал әнші қазақ елі күтпеген мәлімдеме жасады

Әзірбайжанның танымал әншісі  Роза Зергерлі есімі Роза Рымбаеваның құрметіне қойылғанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz KYN.KZ сайтына сілтеп.

Әнші Қазақстанға келген бойда бірден Роза Қуанышқызымен кездескен. Бұл туралы видео Instagram желісінде тарап кетті.

“Екі Роза болып отырмыз. Мейрамханаға келдік. Амандасып, құшақтасып отырмыз. Бір туған сияқтымыз. Қызығы оның есімін менің құрметіме қойған екен», — деді Рымбаева.

Әзірбайжандық әнші есімінің шығу тарихын айтып, әкесінің Роза Рымбаеваның жанкүйері болғанын алға тартты.

“Жанкүйерлер бізді көргенде дірілдеп, қобалжып кетеді. Ол сезімді енді өзім де сезіндім. Мен Роза ханыммен кездесуді ұзақ күттім. Бұл нағыз шынайы махаббат. Менің атымды Роза Рымбаеваның құрметіне қойған. 1979 жылы Роза ханым 21 жаста «Любовь настала» әнімен «Жыл әні» марапатын алды. Осы әйелге ғашық болып, жанкүйері болып, маған Роза деп ат қойғаныңа рақмет, әке. Адамның есімі оның өміріне үлкен әсер етеді», — деп ағынан жарылды өнер иесі.