Алматыда жылу құбыры жарылды

Алматының Бостандық ауданына қарасты Назарбаев даңғылы бойында жылу құбыры жарылды.

Ақау салдарынан Сәтбаев, Достық, Тайманов көшелерінің бойы мен Самал 1, 2, 3 ықшам ауданында орналасқан үйлер мен ғимараттарға жылу беру шектелді. «Алматы жылу желілері» апаттық қызметінің мәліметінше, бұл ақау 1984 жылы пайдалануға берілген құбырдың тозуына байланысты пайда болған.

Құбырдағы ақауды жедел жою үшін «АЛЖЖ» ЖШС-ның жөндеу-құрылыс қызметі жұмыс істеп жатыр. Жылумен жабдықтауды қалпына келтіру 24 желтоқсан сағат 01:00-ге дейін аяқталады деп жоспарланған.

– Естеріңізге сала кетейік, егер төтенше жағдай орын алса (су тасуы, бу шығуы және т.б.), өз бетіңізше әрекет етпеуіңізді және төмендегі нөмірлерге хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы), +7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін) немесе 109, – деп хабарлады әкімдіктен.

Жалпы, биыл қалада 25 жылдан астам уақыт пайдаланылған 20 км жылу желісі қайта жөнделді. Бұл бағыттағы жұмыстар келесі жылы да жалғасады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!