«Күйеуі жоқ әйелге қиын»: Мақпал Жүнісова актер Жанатбектен көмек сұрады (ВИДЕО)

Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова сахнада жүргізушілермен әзілдесіп, елді күлкіге қарқ қылды. Концерт кезіндегі видео әлеуметтік желіде бірден тарап кеткен, деп жазады ozgeris.info тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеп.

Tik-Tok желісінде жарияланған бейнежазбаны Мақпал Жүнісованың өзі де Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Видеода әншінің концерт кезінде сахнаға самаурын алып шыққан Жанатбек Бәйтековпен әзілдесіп тұрғанын көруге болады.

«Шай ішіп кетсеңіз қайтеді, мені алып келген самаурын мен кеседен. Үйді аман-есен бітіріп алдыңыз. Мына самаурынмен бірге кіріңіз онда», — деді Бәйтеков.

«Бітірдік. Енді кіремін. Жаңа жылдың алдында 4 күн қалғанда уақытың болады екен. Келіп, жиһазды бәрін көтерісіп жіберсеңдерші. Күйеуі жоқ әйелге қиын ғой, білесіңдер ғой. Өздеріңнің әйелдеріңді ғана ойлай бермей», деді Жүнісова.

Өнер иесінің бұл сөздеріне жиналған көпшілік қатты күлді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)