Ризабек Айтмұхан халықаралық турнирде жеңіліп қалды

Фото: olympic.kz

20-22 желтоқсан аралығында Тараз қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен ересектер арасында халықаралық турнир басталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді, деп жазады ozgeris.info тілшісі.

Жарысқа Қазақстан, АҚШ, Қырғызстан, Австралия, Бразилия, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия және Қытай елдерінің спортшылары қатысып жатыр.

Турнирдің бірінші күнінде 57 келі, 65 келі, 74 келі, 86 келі және 97 келіде жүлделер сарапқа салынады.

Сайыстың басты таңғаларлық оқиғасы құрамамыздың көшбасшыларының бірі Ризабек Айтмұханның жеңілісі болды. Жартылай финалда ол америкалық Джонатан Айеллоға 9:12 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, осы салмақтардағы финалдық кездесулер 21 желтоқсанда өтеді. Ал 22 желтоқсанда 61, 70, 79, 92 және 125 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.