Желіде әзілкеш Қанат Алжапбаровтың мобилографтарға жекіген видеосы тарады, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Ол тойдағы мобилографтардың әрекетін сынаған.
«Мына жердегі қарғыс атқыр мобилографтар былай тұрыңдаршы. Халық көрсін, өтініш, кетіңдерші. Мобилографтардың егесі бар ма? Байлап қойыңдаршы. Мен түсінемін барлығына контент пен қаралым керек, сонда да әрі тұра тұрыңдаршы», — деді әзіл әлемінің еркесі.
Желі қолданушылары Қанаттың бұл сөзі артық екенін жарыса жазып, одан кешірім сұрауды талап етті.
«Қарғыс атқыр деген лас сөз. Халық осылардың ауызынан шыққан лас сөздерге неге күле береді?», «Не сөйлеп, не қойғанын білмейді осылар. Қарғыс атқыр дегені несі?», «Қараңғы адам», «Жас ұл-қызға қарғыс атқыр деп неге айтады?», «Ол не сөз? Ұяты болса кешірім сұрайтын шығар», — деді олар.
ПІКІР ЖАЗУ