Атыраудағы нарықтағы сұмдық қылмыс: адам өліміне кінәлі адамға үкім шығарылды

Фото: газетаизмайлово.рф

Атырау қалалық № 2 сотында «Дина» базарындағы көтерме қойманың алдында қатыгездікпен ұрып-соғылғаннан кейін қаза тапқан Амандық Сағынғалиевтің қайтыс болғаны туралы резонансты қылмыстық істі қарау аяқталды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеп.

5 маусымда болған қылмыстың сәті бейнебақылау камераларына түсіп, әлеуметтік желілерде таралған кадрлар таң қалдырды.

Оқиға кең қоғамдық резонанс тудырды. Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынан ірі қалалық базарға келген 56 жасар Амандық Сағынғалиев «ГАЗель» жүк көлігін қойып, Mercedes-Benz автокөлігінің есігін қағып кетті. Мұны көрген шетелдік көліктің жүргізушісі Мұхтар Ахмедов Сағынғалиевті ұра бастады. Оқиға куәгерлердің көзінше болды, бірақ ешкім де Ахмедовты тоқтатуға тырыспады.

Есін жоғалтқан адам ауруханаға жеткізіліп, бес күннен кейін қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама Сағынғалиевтің қайтыс болуы жабық бас сүйек-ми жарақатынан, бас сүйектің сынуынан, миға қан құйылуынан болған деген қорытынды берді.

Іс бойынша үкімді бүгін судья Зәуре Қазақбай жариялады. ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) айыпталушы Мұхтар Ахмедов 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.