Арман Жұмагелдиевтің (лақап аты«Дикий Арман») ісі бойынша сот жарыссөзі басталды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі КазТАГ агенттігіне сілтеп.
«Жұмагелдиев Арман ісі бойынша сот тергеуі аяқталды, сот жарыссөзге көшті. Қазір жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы сөз сөйлеуде. Сотталушылар үшін ұзақ мерзім сұратады. Менің ойымша, желтоқсанның соңына дейін аяқтаймыз және жариялау 2025 жылдың қаңтар айының басында болады», — деп хабарлады адвокат Олег Чернов Instagram-дағы парақшасында.
Еске салайық, Арман Жұмагелдиевке Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде кездейсоқ өтіп бара жатқан 24 адамды ұрлаған деген айып тағылған. 2022 жылдың 2 қыркүйегінде Астанада ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов ұсталды. Хабарланғандай, бір болжам бойынша Дикий Арманды ҰҚК қызметкерлері жетекшілік еткен — бұл ақпарат 2023 жылғы 5 қаңтарда ресми түрде расталды.
2024 жылғы 8 ақпанда ІІМ «Дикий Арман» ҰҚТ-ның болжамды мүшелері қаңтар оқиғалары бойынша ұсталғанын хабарлады. 7 тамызда ІІМ «Дикий Арман» ҰҚТ ықтимал 15 қатысушысының ұсталғаны туралы хабарлады.
ПІКІР ЖАЗУ