Жеңіліп көрмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрримен жекпе-жекке шықты. UFC ұйымының үміткерлері жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуге таласты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
30 жастағы қазақстандық (18-0) пен 27 жастағы ирландиялықтың (15-0) кездесуі UFC 310 турнирінің басты оқиғасы болды. Турнир АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтті.
Әуел баста, ирландиялық спортшы Хоакин Баклимен кездесуді 15 желтоқсанда арнайы турнирде өткізуі керек еді. Бірақ Шавкат үшін лайықты қарсылас болмауына байланысты ол жарақат алған чемпион Белал Мухаммадты ауыстырды. Шавкат Рахмонов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
ПІКІР ЖАЗУ