Доллардың бағасы 525 теңгеге дейін өсті

Қазақстандағы айырбастау пункттеріндегі 28 қарашадағы орташа алынған валюта бағамы белгілі болды. Қазірдің өзінде доллар 525 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info.

Сағат 14:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сатып алу-сату бағамы: 

  • Астана: сатып алу – 519 теңге, сату – 525 теңге;
  • Алматы: сатып алу – 519 теңге, сату – 525 теңге;
  • Ақтау: сатып алу – 511 теңге, сату – 519 теңге;
  • Ақтөбе: сатып алу – 510,5 теңге, сату – 520,5 теңге;
  • Қостанай: сатып алу – 515 теңге, сату – 525 теңге;
  • Павлодар: сатып алу – 516 теңге, сату – 522 теңге;
  • Семей: сатып алу – 410,2 теңге, сату – 525 теңге;
  • Талдықорған: сатып алу – 515 теңге, сату – 526 теңге;
  • Шымкент: сатып алу – 519 теңге, сату – 525 теңге.

Айта кетейік, 18 қарашада Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллардың бағасы қазірдің өзінде 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асты.