Сол арқылы Ресей премьер-лигасында доп тебетін қазақ футболшысы Нұралы Әліптің клубы көш бастап отыр, деп жазады ozgeris.info тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
«Футбол на Куличках» порталы Ресей біріншілігінің (16-туры) «жұлдызды құрамын» анықтаған. Тізімде қазақстандық ойыншы Нұралы Әліп те бар.
«Зенит» қорғаушысы соңғы турда клубының жеңісіне 100 пайыздық үлес қосқан еді. Ойынның қосымша уақытында, яғни 90+6 минутта нәтижелі пас беріп, командасын 1:0 есебімен алға шығарды.
«Орталық қорғаушы: Нұралы Әліп («Зенит»). Қазақ қорғаушысы Орынбордағы ойынның басты қаһармандарының бірі атанды. Әліп қорғаныста өте сауатты ойнап, шабуыл шебіндегі әріптестеріне де көмектесті. Оның дәл берген пасынан кейін Ерохин баспен гол соғып, «Зенит» турнир кестесінің көшін бастады», – деп жазды ресейлік басылым.
Айта кетейік, «Оренбург» пен «Зенит» арасындағы кездесу 23 қарашада «Газовик» стадионында өтті.
ПІКІР ЖАЗУ