«Әйелім дзюдомен айналысқан». Айбек Оралбайдың жарына қойған ерекше талабы

sportqory.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай танымал журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында жұбайымен қалай танысқанын және оған қандай талап қойғанын айтып берді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Айбек жарының да спортшы болғанын, алайда қазіргі таңда үйде бала тәрбиесімен айналысатынын жеткізді.

«Жұбайым дзюдошы болған. 2016 жылы Якутияда өткен «Азия балалары» жарысында таныстық. Жол ұзақ екен, чартерлік рейспен ұштық, сонда оған көзім түсіп, кейін сөйлесіп кеттік. Ол кезде 16 жаста едік. Ал 2020 жылы «дзюдоны қоясың, себебі менің саған үйленетін ойым бар» дедім. Ол құлақ асып, бүгінде үйде бір баланың анасы болып отыр», — деді Айбек.

Сонымен қатар, спортшы балаларын боксқа емес, дзюдоға беретінін атап өтті.

«Өзім бокста жүрген соң, бұл спорттың қаншалықты қиын екенін білемін, сондықтан да қимаймын», — деді ұлттық құрама капитаны.

Айбек Оралбайдың бұл пікірі жанкүйерлерінің арасында жылы қабылданып, оның отбасына деген құрметін арттыра түсті.

Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.