Ақтөбе гарнизонында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қайғылы жағдайда қаза тапты. Бұл туралы ресми мәліметті Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Ағымдағы жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизонының бір әскери бөлімінде күзет қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші бекітілген қару арқылы өз-өзіне қол жұмсады», — делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда.
Бұл қайғылы оқиға қоғамда алаңдаушылық тудырып, әскери ортада орын алатын психологиялық қысым мен жағдайлардың ашық талқылануына себепкер болып отыр. Марқұмның отбасына көңіл айту мен қолдау көрсетілуде.
Ақпарат tengrinews.kz сайтынан алынған.
ПІКІР ЖАЗУ