«Қазақстан орыстанып барады дейді, байқайыншы деп келдім»: Оралман қыз неге елге келгенін айтты

Бейнеден кадр

ТикТок желісінде Қазақстанға қоныс аударған оралман қыздың ойы көпті тебірентті, деп хабарлайды ozgeris.info, qandastar.kz сайтына сілтеме жасап.

«1993 жылы Павлодарға көшкенімде «Қайдан келдің, неге келдің, неге Моңғолияны тастадың?» деп сұрақтың астына алғандар болды. Сол сұрақтар қойылғанда  атажұртын аңсап алғашқылардың бірі болып жеткен журналист Бекен Қайратұлының «Атамекенге неге келдім?»  өлеңімен жауап беретін едім.

Жан мұңымды айтайыншы деп келдім,

Қазақ күйін тартайыншы деп келдім.

Қазақстан орыстанып барад дейді,

Рас па екен байқайыншы деп келдім.

Алтын Ордам көрейінші деп келдім,

Қолым ұшын берейінші деп келдім.

Шетте тудым, шетте өстім, ағайын,

Дәл ортаңда өлейінші деп келдім», – деді оралман қыз.

Оның айтуынша, осы өлең бар сауалға қалқан іспетті болған.

Айта кетейік, 2024 жылғы жағдай бойынша 4 351 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 132,7 мың этникалық қазақ оралған.Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (51,1%) Қытайдан, 31,9% – Өзбекстаннан, 6,4% – Түрікменстаннан, 5,4% – Моңғолиядан , 3,7% – Ресейден және 1,5% басқа елдерден.

@arshyn_kerey

ТІРІЖЕТІМ.. («Оралман қыздың монологы» өлеңімнен үзінді) Итермеші, бауырым, көкіректен, Сөз сүйекті жарады, тесіп еттен. Өз еліңде өзіңді өгейсіту — Қиын екен, тірідей жетім еткен… Шауып алар деп пе едің, шаhарыңды, Жан емеспін, тегін олжа несіп еткен. Жымыраңдап, сырт берген бауырымның, Жылы шырай танытса, несі кеткен… Бұлғақтаған үкісі ем, құдашаның, Бұлыңғырға айналды-ау, бұла шағым. Бұлт астынан бұлдыр ой күн іздесе, Кімге барып, кіршіксіз сыр ашамын? Кіндігімді кір жуып кеспесем де, Кімнен кеммін? (Өзімді жұбатамын) «Кірме» атанар жөнім жоқ, кіріптар боп. Үлесім бар, еншімді сұратамын. «Кімсің-ей!» деп итерме кеудесінен, Үйірінен адасқан құлай тайдың. Ата алмаған таң едім, бір атармын… Жүген-құрық тимеген шу асаумын. Сынығымын, жоғалған алтыныңның, Кім екенімді айтсам ғой, жылатармын… Бөлтірігі бөрінің сырттан келер, Тектіліктің жалғасымын бір Атаның. «Еврей» деп ойлап па ең, әлде «неміс» Ежірейе қалдың ғой, «братаным» Итермеші, бауырым, көкіректен, Сөз сүйектен өтеді, тесіп еттен. «Қаңғып келген» қазақ жоқ, өз елінде. Сендер ғой, осылай деп жетім еткен… Итермеші, бауырым, көкіректен… 2007 жыл. Ақкетік қаласы. Шынар Кендін

♬ оригинальный звук — @arshyn_kerey