Танымал әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың кенже ұлы Хан 10 жасқа толды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Жұлдыз Instagram желісінде бірнеше сурет жариялап, ұлына арналған жүрекжарды құттықтауын бөлісті. Оның сөзінше, Хан – олардың отбасындағы басты тірек.
«Кенжем, құлыным, ерекше тәттім бүгін 10 жаста.
Мендегі бақыттың жүзі өзіңсің. Айналайын, дәл қазіргі кезеңдегі ақылыңа, мінезіңе, байсалдылығыңа ризамын.
Жаратқанның шеберлігі шығар, зерек, терең ойлы, сондай сабырлысың.
Есіктен кірген бетте, барлығымыздың іздейтін, иіскейтін, құшақтайтын адамымыз да өзіңсің. Әсіресе Сезім мен Алаудың еркелеткені әдемі. Кейде Бека апаңның құшағында ұйықтайтының әдемі. Менің қабағымды бағып сөйлейтінің әдемі. Нарұлдың үлкендігін мойындап, айтқанын бұлжытпай орындайтының әдемі. Біздің үйдің күні болып, жарқырап, кіп-кішкентай жүрегіңмен баршамызды жылытып жүргенің әдемі.
Атыңа затың сай болсын» – деп жазды Жұлдыз.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова 2008 жылы отбасын құрған. Олардың төрт баласы бар: Алау мен Сезім есімді қыздары және Нарұл мен Хан есімді ұлдары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ