Әлеуметтік желіде Астанадағы AsiaPark сауда ойын-сауық кешенінің алдында тұрған ер адамдарды бейтаныс адамдар күштеп көлікке отырғызып жатқан бейнежазба тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бейнежазба @astana_pokazhet_ Instagram парақшасында жарияланып, жігіттерді күштеп әскерге алып кетпекшісі болғаны айтылды. Видеода бір топ адам көлікке жол бермей, көліктен ер адамдарды шығарып жатқаны көрсетілген.
Посттың астына адамдар екітүрлі пікір қалдырды. Кейбір адамдар бұндай әрекетке қарсы шықса, кейбіреуі қолдады.
«ҚР Конституциясына сәйкес адам құқықтарының толық бұзылуы», «Бұл енді шақыру емес, адам ұрлау.», «Сол әскерде адам өлімі болмағанда барар еді ғой, қорықпай», «Қашып жүрсе, басқа қалай шақыруға болады? Отанды кім қорғайды?», «Онда шенеуніктердің ұлдарын да әскерге апару керек», «Ұят. Менің ұлым өзі әскери комиссариатқа барды. Отарда лайықты қызмет етті. Өткен жылы оны қарсы алдық. Ұлдарымды мақтан тұтамын.», дейді оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ