Албанияның Тирана қаласында өткен күрес түрлерінен әлем чемпионаты Қазақстан үшін ХХІ ғасырдағы ең табысты бәсеке болды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Биыл турнир тек олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өтті. Бұл жарыста барлығы 12 медаль сарапқа салынды.
Нұрқожа Қайпанов Қазақстан тарихында еркін күрестен әлем чемпионы атанған екінші балуан ретінде тарихта қалды. Бұл байрақты бәсекеде күміс жүлдені грек-рим күрес шебері Ержет Жарылқасын мен Жәмилә Бақбергенова жеңіп алды. Жалпы командалық есепте Қазақстан Жапония мен Әзірбайжаннан кейін 3-орынға ие болды.
Бұл ХХІ ғасырдағы ұлттық құраманың алтын медальге қол жеткізген екінші әлем чемпионаты. Өткен жылы Сербияда өткен додада еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан өз салмағында мықты атанып, ел тарихында тұңғыш мәрте әлем чемпионы атанған балуан дәрежесіне жетті. Сондай-ақ аталмыш турнирде ұлттық құрама 2 қолаға ие болды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үшін медальдар саны бойынша 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында рекорд жаңартқан. Бұл бәсекеде қазақстандық балуандар 3 күміс, 5 қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
ПІКІР ЖАЗУ