Банкоматтың қателігі ер адамды 1 млн-ға олжалы қылды (ВИДЕО)

Бейнеден кадр

Астанада күтпеген оқиға орын алды, жас жігіт банкомат арқылы 1 млн теңге көлемінде ақшасын толықтыруға әрекет жасаған. Бірақ техникалық ақау салдарынан қаражат шотқа түспей, кері қайтып қалды. Жігіт банкоматтан кетіп қалған сәтте, сол жерден өтіп бара жатқан ер адам лотоктағы миллионды қалтасына салған, деп хабарлайды ozgeris.info.

Алайда, бұл «олжа» ер адамды миллионер етпеді: полиция қызметкерлері оны ұстап, және осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күтпеген жағдай, ақыры, ер адамның заңмен бетпе-бет келуіне алып келді.