Солтүстік Қазақстан облысында ұлы анасын 500 теңге беруден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мағжан Жұмабаев ауданының Полудино ауылында 62 жастағы әйелдің мәйіті 49-дағы ауыл тұрғынының үйінен табылды. Сараптамаға сәйкес, әйелдің өлімі бауырдың жарылуынан, ішке қан кетуден, кеуде және іш жарақатынан болған, — делінген хабарламада.
Куәгерлердің айтуынша, марқұм сол күні зейнетақы алып, құрбыларына барған. Кейін ішімдік ішкен баласы келіп, анасынан 500 теңге сұраған. Әйел ақша беруден бас тартқан. Сол жерде ер адам оны аясыз соққыға жығып, кетіп отырған.
Алған ауыр жарақаты салдарынан әйел сол жерде көз жұмды.
ПІКІР ЖАЗУ