«Алкоголь мен темекі тұтынбаған»: Әлемнің ең қарт тұрғыны бақилық болды

Фото: ашық дереккөз
Жер шарының қарт тұрғыны Элизабет Фрэнсис 115 жасында қайтыс болды. Ол АҚШ-тың ең кәрі тұрғыны болып саналады, сондай-ақ, әлем бойынша ұзақ өмір сүріп келе жатқан адамдардың үштігінде болды, деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Longeviquest басылымы жазғандай, ол 1909 жылы дүниеге келген және өмірінің көп бөлігін Хьюстонда өткізген.

Фрэнсис ұзақ өмірдің құпиясы ретінде, жаман әдеттерден аулақ болуды атады — алкоголь мен темекіні тұтынбаған. Дегенмен тамақтану кезінде қатаң тыйымдарға жүгінбеген, не қаласа соны жеген.

Ол өмірінің соңына дейін 95 жастағы қызының қолында тұрды.