Ауғанстандағы билеуші «Талибан» қозғалысы Ауғанстанның ұлттық үш түсті туына ресми түрде тыйым салды», — делінген «Талибан» жарлығында.
Құжатқа сәйкес, ендігі жерде еліміздегі және одан тысқары жерлердегі барлық мемлекеттік органдар қозғалыстың ақ туын пайдалануы тиіс.
Айта кетейік, 2021 жылдың тамыз айының басында тәліптер Ауғанстанның үкімет күштеріне қарсы шабуылын күшейтіп, 15 тамызда Кабулға кірді. Ал келесі күні соғыс аяқталғанын жариялады. Тамыз айының соңғы екі аптасында америкалық әскерилер қорғауындағы Кабул әуежайынан Батыс азаматтары мен олармен қызметтес болған ауғандықтарды жаппай эвакуациялау болды. 31 тамызға қараған түні АҚШ әскерилері Ауғанстандағы 20 жылға жуық америкалық әскери қатысуын тоқтатып, Кабул әуежайынан шықты.
Қыркүйек айының басында Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамы жарияланды, оны «Талибан»бірінші билігі кезінде Сыртқы істер министрлігін басқарған және 2001 жылдан бері БҰҰ санкцияларында болған Мұхаммед Хасан Ахунд басқарды.
“ozgeris.info” порталы
ПІКІР ЖАЗУ