Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Қазақстан мектептерінде орамал тағу заңды деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Айта кетейік, күні кеше адвокаттардың сөзіне сілтеме жасаған бірқатар БАҚ Жоғарғы сот мектепте орамал тағуды заңды деп тапқаны туралы ақпарат берген еді.
«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралып жатыр. Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі. Сонымен қатар бейінді министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған», — деп хабарлады Жоғарғы сот.
Жоғарғы сот ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін хабарлаған.
Фото source.cognia.org
ПІКІР ЖАЗУ